Жұма, 18 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпСанжар Боқаев Астанаға алып кеткен

Санжар Боқаев Астанаға алып кеткен

Белсенді Санжар Боқаев Алматыдан Астанаға жеткізілген. Бұл туралы оның адвокаты мәлімдеді, деп хабарлайды qaznews.kz.

Қорғаушы Артем Асқаров Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына барып, қорғауындағы азаматпен кездесуге әрекет жасаған. Алайда мекеме қызметкерлері Боқаевтың Астанаға жөнелтілгенін айтқан.

Адвокаттың сөзінше, оған бұл туралы алдын ала ешқандай ақпарат берілмеген.

Сонымен қатар 28 қыркүйекке негізгі сот отырысы белгіленгеніне қарамастан, қорғаушы бұл шешімнің себептері түсініксіз екенін жеткізді.

«Мұнда қандай да бір құпия бар ма? Осылайша оған сот процесіне толыққанды дайындалуға мүмкіндік бермей отыр», – деп жазды Артем Асқаров.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр