Жексенбі, 25 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарҚазақстанда уақыттың ауысуы электр тұтыну көлеміне әсер етті ме?

Қазақстанда уақыттың ауысуы электр тұтыну көлеміне әсер етті ме?

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, Қазақстанда уақытты ауыстыру электр энергиясын тұтыну көлеміне айтарлықтай әсер етпеген, деп жазады QazNews.kz

Шенеуніктің сөзінше, Шығыс Қазақстан облысында тұтыну көлемі небәрі 1 пайызға артқан. Министрлік мұны халық санының өсуі мен жаңа нысандардың салынуына байланысты қалыпты өзгеріс деп түсіндіріп отыр.

Ал Атырау облысында, яғни уақыт өзгермеген өңірде электр тұтыну көлемі 13 пайызға артқан. Мәлімет бойынша бұл көрсеткіш жаңа өндіріс орындары іске қосылуына байланысты.

Сұңғат Есімханов уақыт ауысуы энергетикаға емес, күн тәртібіне әсер еткенін атап өтті: күн ерте батса да, таң ерте атады, ал жүктеме шегі тек уақыт бойынша ығысқан.

Министрлік жыл қорытындысы бойынша толық есеп ұсынатынын мәлімдеді.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments