Сәрсенбі, 25 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда күн күрт суытады: қар жауып, көктайғақ болады

Қазақстанда күн күрт суытады: қар жауып, көктайғақ болады

Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді. Солтүстік-батыс циклоны елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ жел күшейеді. Апта соңына қарай бірқатар өңірде күн суытады, деп жазады QazNews.kz.

Болжамға сәйкес, 26–28 қараша аралығында Қазақстанның барлық дерлік аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Елдің әр аймағында жаңбыр мен қар жауады.

Бұдан бөлек, республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы артады.

28 қарашаға қарай ауа температурасы төмендейді. Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде күндіз ауа температурасы 0–5 градус аяз болады.

Қазақстанның оңтүстік-батысы мен шығысында ауа температурасы 0–5 градус жылы болса, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 5–10 градус жылы болады деп болжанып отыр.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ауа температурасы 5 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр