Сейсенбі, 24 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақ антропология ғылымының негізін қалаған Оразақ Смағұлұлы өмірден өтті

Қазақ антропология ғылымының негізін қалаған Оразақ Смағұлұлы өмірден өтті

Қазақ ғылымы орны толмас қазаға ұшырады. 96 жасқа қараған шағында белгілі ғалым, тұңғыш қазақ антропологы Оразақ Смағұлұлы дүниеден өтті, деп жазады QazNews.kz.

Оразақ Смағұлұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі. Ол өмірінің басым бөлігін қазақ халқының антропологиялық тарихын зерттеуге және ұлттық антропология ғылымын дамытуға арнады.

Ғалым ұзақ жылдар бойы қазақ халқының шығу тегі, этникалық қалыптасуы мен антропологиялық ерекшеліктерін зерттеді. Оның ғылыми еңбектері ұлттың тарихи тамырын тереңірек тануға, қазақ халқының биологиялық және антропологиялық сипатын зерделеуге мүмкіндік берді.

Оразақ Смағұлұлы Қазақстандағы кәсіби антропология ғылымының қалыптасуына негіз қалап, осы салада өзіндік ғылыми мектеп қалыптастырды. Ол кейінгі буын зерттеушілерге бағыт-бағдар беріп, отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосты.

Ғалымның есімі мен мол ғылыми мұрасы қазақ ғылымының тарихында сақталады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр