Сейсенбі, 24 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпАлматыда тұмаудың 25 жағдайы анықталды: қалада тағы қандай вирустар таралып жүр?

Алматыда тұмаудың 25 жағдайы анықталды: қалада тағы қандай вирустар таралып жүр?

Алматы тұрғындары арасында бірнеше аптаға созылатын жоғары температура мен ауыр өтетін жедел респираторлық вирустық инфекцияға (ЖРВИ) қатысты шағымдар айтылып жүр. Қалада мұндай белгілерді қандай вирус тудыруы мүмкін және зертханалық тексеру нәтижелері нені көрсетті? Бұл сұраққа Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Каткенова жауап берді, деп жазады QazNews.kz.

Оның айтуынша, қалада вирустар мен инфекциялардың таралуына тұрақты түрде зертханалық мониторинг жүргізіледі. Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері зертханалық зерттеулер нәтижесінде тұмаудың 25 жағдайы расталған.

Оның ішінде 22 жағдайда А типті H1N1 тұмауы, ал үш жағдайда В типті тұмау анықталған.

Бұдан бөлек, Алматыда тұмаудан басқа риновирус, парагрипп, бокавирус және маусымдық коронавирус айналымда жүр.

Гаухар Каткенованың сөзінше, зертханалық мониторинг барысында бұлардан бөлек белгісіз вирустар анықталмаған.

«Мұндай белгілерді маусымдық коронавирус та тудыруы мүмкін. Алайда адамның жағдайы нақты қай вирустық инфекциядан болғанын анықтау үшін зертханалық диагностика қажет», – деді ол.

Департамент өкілінің айтуынша, әзірге зертханалық мониторинг жоғарыда аталған вирустардың таралып жатқанын көрсеткен. Сондықтан бірнеше аптаға созылған жоғары температура немесе басқа да ауыр белгілердің нақты себебін тек зертханалық тексеру арқылы анықтауға болады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр