Дүйсенбі, 10 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда бір апта ішінде 47 орман өрті болған

Қазақстанда бір апта ішінде 47 орман өрті болған

Қазақстанда 2–9 тамыз аралығында 47 орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Ведомство мәліметінше, өрттердің 21-і жергілікті атқарушы органдарға қарасты орман шаруашылықтарының аумағында болса, тағы 26 жағдай мемлекеттік орман қоры жерлерінде болған.

Өрт ошақтары жерүсті және әуе патрульдеуі кезінде, сондай-ақ өртті ерте анықтау жүйелерінің көмегімен анықталған. Тілсіз жаумен күреске орман күзеті қызметкерлері, авиациялық өрт сөндіру бөлімшелері мен арнайы авиация жұмылдырылды.

Экология министрлігі барлық өрттің дер кезінде оқшауланып, толық сөндірілгенін хабарлады. Соның нәтижесінде өрттің одан әрі таралуына жол берілмеген.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр