Жұма, 7 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпГрант иегерлерінің тізімі шықты

Грант иегерлерінің тізімі шықты

Білім гранты иегерлерінің тізімі шықты, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық, 20%-ы педагогикалық, ал 20%-ы басқа бағыттарға бөлінді.

Тізімді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің телеграм арнасынан көруге болады.

Биыл негізгі ҰБТ-ға 233 мыңға жуық талапкер қатысқан. Оларға тестілеуді екі рет тапсырып, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу үшін ең үздік нәтижесін пайдалану мүмкіндігі берілді.

Министрліктің хабарлауынша, тестілеуге қатысушылардың 76%-ы шекті балдан өтіп, мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысу құқығына ие болған.

Ең жоғары 140 балды Павлодар облысының түлегі Асет Алтаир мен Қызылорда облысының түлегі Балхан Әлфия жинады. Әлфияның нәтижесі KAZTEST сертификатын конвертациялау қорытындысы бойынша есептелген.

Сонымен қатар 821 талапкер 130 балдан жоғары нәтиже көрсеткен. Ал мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижесі 7 тамыз күні сағат 15:00-де жарияланады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр