Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Абай университетінде агробиостанция ашылды

    11 ноября, 2025

    Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

    8 ноября, 2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    6 ноября, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Вторник, 11 ноября
    • Басты
    • Саясат

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025

      АҚШ Украинамен мәміледе күтпеген үзіліс алды — БАҚ

      14 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

      8 ноября, 2025

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025

      Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

      25 октября, 2025

      Биыл Алматы облысындағы жолдардан 823 сынама алынған

      24 октября, 2025

      Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

      23 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » «Қазақстан Барысы» емес «Қазақстан Бөрісі»: жоба атын өзгертуді ұсынды
    Басты тақырып

    «Қазақстан Барысы» емес «Қазақстан Бөрісі»: жоба атын өзгертуді ұсынды

    9 июня, 2024218 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жақында депутаттар тоғызқұмалақ атауын «тоғызат» деп өзертуді ұсынған болатын

    Алматыда бүгін біртоп қоғам белсендісі «Қазақстан Барысы» деген атпен танымал жобаның атауын өзгертуді ұсынды. Қазақ күресі әлемдік деңгейде насихатталып, ұлттық спорттың бір түрі ретінде жаңа тынысы ашылғаны еді. Енді кейбір азаматтар оның атауын «Қазақстан бөрісі» деп ауыстырған жөн деп мәлімдеді. Бұл туралы QazNews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    «Қазақстан Барысы» жобасы танымал журналист, «КТК» телеарнасының бас директоры болып қызмет еткен, қоғам белсендісі Арман Шораевтың идеясымен халыққа жол тартты. «Қазақстан Барысы» турнирі облыстық деңгейде Қызылорда жерінде алғаш ұйымдастырылды. Ал республикалық көлемде алғашқы дода 2011 жылы тамызда Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтті. Ол сол кездегі президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін ұйымдастырылды. Оның алғашқы жеңімпазы Ұлан Рысқұл тұңғыш «Қазақстан Барысы» ретінде тарихта қалды. Содан бері үздіксіз өтіп келеді.

    Брендке айналып үлгерген жобаның атын өзгертуге байланысты ұсыныс бүгін Алматыда ұйымдастырылған «Ұлы Қазақ» қоғамдық бірлестігінің алғашқы отырысында айтылды. Әлемдік Ұлы Қазақ республикалық бірлестігі деген атпен тіркелген ұйымды белгілі кәсіпкер, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының жетекшісі Құсман Шалабаев құрған. Шараға қонақ ретінде белгілі қоғам қайраткерлері, журналистер, өнер адамдары мен тарихшылар шақырылған.

    «Ұлы Қазақ» патриоттық жобасын таныстырған бірлестік президентінің кеңесшісі Айдын Рысбекұлы деген азамат елде соңғы жылдары өтіп жүрген «Қазақстан Барысы» күресінің атауын сынға алды. Ол шараның атын барыс деп атайды. Бірақ ол жердегі барыс емес ілбіс. Яғни мысықтұқымдас. Оның қазақ болмысына еш қатысы жоқ. Сондықтан оның атын «Қазақ бөрісі» деп өзгерту керек. Мұны біз мемлекет деңгейінде көтереміз, деді.

    «Өзінің қараңыз, сол 2011 жылдан бері өтіп келе жатқан жарыстарда балуандар барыс емес қасқырдың терісін жамылып шығады. Ал барыстың терісі қайда десек, ол- Қызыл кітапқа енген, деп жауап берді. Ендеше қиыспайтын нәрсе бар мұнда. Қазақ көкбөрі ұрпағымыз, қасқыр мінезді дейміз. Ендеше бұл спорттық шараның атауын барыс емес «Қазақстан көк бөрісі» деп қайта атайық. Ел тез үйреніседі және жақсы қабылдайды. Қазіргі барыс деп жүргендері ілбіс қой. Біздің бірлестіктің атынан ұсыныс ретінде мемлекеттік органдарға жолдаймыз», дейді өзін алаштанушы ғалым ретінде таныстырған Айдын Рысбекұлы.   

    Кездесуді Алматы қаласы әкімдігінде ұзақ жылдар түрлі қызмет еткен Ахет Мамай жүргізіп отырды. Қонақтар сапында Марат Тоқашбайұлы, Қалдыбек Құрманәлі, Еренғайып Омар, Ғабиден Жәкей, Ғарифолла Әнес сияқты азаматтар болды. Алғашқы сөз алған бірлестік президенті Құсман Шалабаев ұйымның мақсаты саясатты көздемейтінін мәлімдеді. Бірлестік «Ұлы Қазақ» патриоттық бірлестігі арқылы көшпенділер өркениетін насихаттау, Атилла бабамыздың мұрасын насихаттау және көкбөрі идеясын тарату екенін жеткізді.

    «Орыста «Русский мир», түріктерде «Түркі идеясы», батыс елдерінде батыстық түрлі идеяларды бетке алып дамып жатыр. Ал қазақтарда «Ұлы қазақ» идеясы күн тәртібіне шығатын кез келді. Сондықтан осы бағытта түрлі жоспарлар мен іс-шараларды өткізуді мақстат тұтып отырмыз. Ұлы дала, Ұлы тау, ұлы қазақ деген қазақ ұғымында бұрыннан бар. Мұны қазір алыс-жақын шетелдегі қандастар да қызу қолдап отыр. Бірлестік 2023 жылы 6 қазанда мемлекеттік тіркеуден өткен»,- дейді Құсман Шалабаев.

    Шара соңында Атилла және көшпенділер өркениеті және «Ұлы Қазақ» патриоттық актісіне арналған қарар қабылдау ұсынылды. Оны ғалымдар талқылап, алдағы жиындарда кем-кетігі мен өз ұсыынстарын алға тартатынын айтты. Айта кетейік жақында Мәжіліс депутаттарының бірі тоғызқұмалақ атауын «тоғызат» деп өзгертуге байланысты ұсыныс айтқан еді. Алайда депутаттың бұл бастамасы қызу талқыға түскенімен қоғамнан қолдау тапқан жоқ.

    Алдай Жанашыр, Алматы   

    Арман Шораев Қазақстан Барысы Қазақстан Бөрісі Құсман Шалабаев
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Ұлттық болмыс пен заманауи стильдің үндестігі

    9 июля, 2025

    Астанада салық форумында Жаңа салық реформасына қатысты ұсыныстар айтылды

    30 апреля, 2025

    “Келінімізді араластырмауды сұраймыз”: Берденовті атты деген жігіттің әкесі мәлімдеме жасады

    25 апреля, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 553 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 438 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 275 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 375 Views
    Оқылып жатыр
    11 ноября, 2025

    Абай университетінде агробиостанция ашылды

    Бүгін Абай университеті Алматының іргесінде Агробиостанция кешенін ресми түрде іске қосты. Ашылуына университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар…

    Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

    8 ноября, 2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    6 ноября, 2025

    Абай университеті «Бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

    6 ноября, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.