Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Алаяқтық көбейді, жауапкершілік жоқ: Қазақстанда риелторлар қызметі реттелмек

    26 ноября, 2025

    «Өмір мен өлім мәселесі». Асхат Аймағамбетов дәрігерлерге жасалатын шабуылдар жайлы ашып айтты

    26 ноября, 2025

    Қазақстан Өзбекстанмен соттаспақ

    26 ноября, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Среда, 26 ноября
    • Басты
    • Саясат

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17 ноября, 2025

      Петиция против запрета на вычеты и повышения НДС не прошла модерацию

      14 ноября, 2025

      Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

      8 ноября, 2025

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025

      Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

      25 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Қазақ ұлтының көсемі Әлихан Бөкейханның бүгін туған күні
    Қоғам

    Қазақ ұлтының көсемі Әлихан Бөкейханның бүгін туған күні

    Әлихан жас кезінен-ақ қазақ қауымының өзекті мәселелерін жан-тәнімен түйсініп өскен
    5 марта, 2025372 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

     

    коллаж. edunews.kz

    Бүгін ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туған күні. Осыдан 159 жыл бұрын (1866-1937) — көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт азаттық Алаш қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы, ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы БӨКЕЙХАН дүниеге келді, деп хабарлайды QazNews.kz

    Қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында (бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы) туған. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед тарайды.

    Әкесі Нұрмұхамед Әлиханды тоғыз жасында молдаға оқуға беріп, кейін мектепте білім алады. Бұдан соң Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, үздік бітіріп шығады. 16 жасында Әлихан Омбының техникалық училищесіне түседі, 20 жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының шәкіртақысына ие болған ол Санкт-Петербургтегі Орман шаруашылығы институтына түскен. Оқумен қатар, саяси, әдеби, экономикалық үйірмелерге атсалысып, студенттік шерулерге қатысқан.

    Әлихан жас кезінен-ақ қазақ қауымының өзекті мәселелерін жан-тәнімен түйсініп өседі. Халқына білім мен мәдениеттің ауадай қажеттігін жасынан ұғынған. Оқуды бітіре салысымен Омбыға келіп, қаланың саяси-әлеуметтік, қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. «Народная свобода» партиясына өтіп, қазақ зиялылары арасында партияның шағын тобын құрады. Әлихан сол кезден бастап өзін саяси тұлға ретінде қалыптастыра бастаған.

    Әлихан Бөкейхан мен оның сенімді серіктерінің бастамасымен «Қазақ» газеті ашылды, сол газетке «Қыр баласы» деген атпен өзекті мақалалар жазды. «Алаш» партиясы, кейін Алаш Үкіметі құрылды. Автономия ретінде күш-қуатын бекіте түскен ел зиялылары Алаш әскерін жасақтады.

    Әлихан Бөкейхан миллиондаған қазақты «Алаш» идеясының төңірегіне топтастыра білген тұлға. ХХ ғасырдың басынан бастап Алашорда үкіметі тарағанға дейін ол ұлт мүддесі жолындағы күрестің бел ортасында жүрді.

    1937 жылы 27 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан тұтқындалып, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кесіледі.

    Әлихан Бөкейхан туған күн ұлт көсемі
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Танымал әнші Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

    24 ноября, 2025

    Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

    17 ноября, 2025

    Петиция против запрета на вычеты и повышения НДС не прошла модерацию

    14 ноября, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 553 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 438 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 275 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 375 Views
    Оқылып жатыр
    26 ноября, 2025

    Алаяқтық көбейді, жауапкершілік жоқ: Қазақстанда риелторлар қызметі реттелмек

    Қазақстанда риелторлық сала әлі күнге дейін толыққанды реттелмеген. Нарыққа кез келген адамның еркін кіруі, бірыңғай…

    «Өмір мен өлім мәселесі». Асхат Аймағамбетов дәрігерлерге жасалатын шабуылдар жайлы ашып айтты

    26 ноября, 2025

    Қазақстан Өзбекстанмен соттаспақ

    26 ноября, 2025

    СҚО-да бюджет қаражатының 100 млрд теңгеден астамы тиімсіз пайдаланылған

    26 ноября, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.