Ресейге жұмыс істеуге барғаннан кейін соғыс аймағына тап болған 14 қазақстандықтың елге оралатыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды qaznews.kz.
Бұл туралы журналист Жомарт Түзелбай хабарлады. Оның айтуынша, тиісті ақпарат өзіне WhatsApp арқылы жолданған.
Аталған мәліметті заңгер Мейірман Шекеев те растаған. Оның сөзінше, бүгін 14 азамат Ресейдегі Қазақстан елшілігіне жеткізіледі.
Заңгердің айтуынша, бұл жөнінде оған Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жеке хабарлаған.
Сонымен қатар қазіргі уақытта Ресей аумағында қалған өзге қазақстандықтарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Алайда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әзірге бұл ақпаратты растаған жоқ.


