Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Абай университетінде агробиостанция ашылды

    11 ноября, 2025

    Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

    8 ноября, 2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    6 ноября, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Вторник, 11 ноября
    • Басты
    • Саясат

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025

      АҚШ Украинамен мәміледе күтпеген үзіліс алды — БАҚ

      14 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

      8 ноября, 2025

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025

      Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

      25 октября, 2025

      Биыл Алматы облысындағы жолдардан 823 сынама алынған

      24 октября, 2025

      Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

      23 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуге 5,2 млрд теңге бөлінді
    Күндерек

    Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуге 5,2 млрд теңге бөлінді

    Санақ екі форматта өткізіледі: біріншісі – онлайн, екіншісі – интервьюерлердің аралауы арқылы.
    5 марта, 2025609 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    коллаж. Kazinform

    Биыл елімізде араға 18 жыл салып ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Санақты өткізуге 5,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Kazinform агенттігінің ресми сауалына жолдаған жауапта айтылған, деп хабарлайды QazNews.kz

    Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі тапсырмасына және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын 2025 жылы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өткізу туралы шешім қабылданды. Премьер-Министрдің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №201-ө Өкімімен Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын дайындауға және өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқау беру мәселелерін шешу жөніндегі Арнайы комиссия құрылды. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу үшін 5 247,0 млн теңге сомасында қаражат бөлінді, — делінген жауапта.

    Санақ субъектілеріне заңды тұлғалар және олардың құрылымдық не оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер, оның ішінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын шаруа қожалықтары жатады. Сондай-ақ жеке шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскелері (саяжай, бақша, көкөніс учаскелері) және ауыл шаруашылығы үй жануарлары бар үй шаруашылықтары да енеді.

    Атап айтқанда жер және егістік алқабы, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың саны, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары, мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары, өндірістік ғимараттар мен ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды ұстауға арналған үй-жайлар, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстар саналады.

    Былтыр бюро санақ парақтарын, ақпараттық жүйелерді сынақтан өткізіп, ұйымдастыру жұмысының деңгейін бағалау үшін 54 елді мекенде пилоттық ауыл шаруашылығы санағын өткізді. Соның арқасында кемшін тұстар мен күшейтуді қажет ететін бағыттар анықталған.

    Биыл дайындық шеңберінде біз құқықтық, әдістемелік, ұйымдастырушылық, технологиялық және материалдық-техникалық сипаттағы кешенді шараларды қолға алып жатырмыз. Бүгінде аймақтарда ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру үшін қажет бөлімдердің құрылымы бекітіліп, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары әзірленді. Үй-үйді аралап сұрау жүргізетін қызметкерлерді жұмысқа алу тәртібі пысықталып жатыр. Жалпы, ауыл шаруашылығы санағын өткізу үшін 4,6 мыңнан астам санақ персоналы тартылады. Олардың барлығымен тиісті еңбек шарттары және қызмет көрсету келісімдері жасалады, — деп хабарлады ведомстводан.

    Санақ екі форматта өткізіледі: біріншісі – онлайн, екіншісі – интервьюерлердің аралауы арқылы.

    1-31 тамыз аралығында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, дара кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары және жеке қосалқы шаруашылықтар сұрақтарға sanaq.gov.kz порталында онлайн түрде жауап бере алады. Санақтан онлайн түрде өтіп үлгермеген азаматтардың үйіне 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында интервьюерлер барады. Олар санақты планшет көмегімен жүргізеді. Санаққа онлайн қатысушыға санақ парақтарын толтыру бойынша кеңес беруге дайынбыз. Сайтта ол үшін арнайы нұсқаулықтар болады, сонымен қатар 1446 байланыс орталығындағы әріптестеріміз барлық сұраққа егжей-тегжейлі жауап береді, — деп мәлімдейді Ұлттық статистика бюросынан.

    Еске салсақ, елімізде алғашқы ауыл шаруашылығы санағы 2006-2007 жылдары өткізілген. Содан бері сала субъектілерін түгендеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

    Санақ ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы толық ақпарат алу, ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу, шаруашылық жүргізуші субъектілердің нақты санын анықтау мақсатында өткізіледі.

    Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ақпараты бойынша, бұл салада соңғы жылдары ресми дереккөздердегі мәліметтерде орта есеппен 20% алшақтық қалыптасқан.

     

    ауылшаруашылық мал санағы
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

    8 ноября, 2025

    Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

    28 октября, 2025

    Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

    25 октября, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 553 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 438 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 275 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 375 Views
    Оқылып жатыр
    11 ноября, 2025

    Абай университетінде агробиостанция ашылды

    Бүгін Абай университеті Алматының іргесінде Агробиостанция кешенін ресми түрде іске қосты. Ашылуына университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар…

    Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

    8 ноября, 2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    6 ноября, 2025

    Абай университеті «Бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

    6 ноября, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.