«Qazaq Media Association» заңды тұлғалар және жекекәсіпкерлер бірлестігі «Жас алаш» ЖШС, «Almaty Aqparat»медиахолдингі және «Қала мен дала» газетімен Өзараынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумғақол қойды, деп жазады QazNews.kz
Тараптар меморандум негізінде қазақтілді ақпарат кеңістігіндамыту, редакциялар арасындағы кәсіби байланыстынығайту, медиа саладағы ортақ бастамаларды қолдау жәнеақпараттық әріптестікті кеңейтуге келісті.
Меморандумға «Qazaq Media Association» ЗТжЖКБтөрағасы Ербол Азанбек, «Almaty Aqparat»медиахолдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы, «Жас алаш» ЖШС директоры Ринат Рахимов және «Қаламен дала» газетінің өкілі Жарас Ниязбекұлы қол қойды.
«Qazaq Media Association» құрамына қазақтілді интернет-басылымдар мен ақпараттық платформалар кіреді. Ал «Almaty Aqparat» медиахолдингі құрамына «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттері мен үшақпараттық ресурс пен әлеуметтік желілер кіреді. «Жасалаш» ЖШС құрамына «Жас алаш» газеті мен сайты кіреді. «Қала мен дала» газеті қазіргі таңдағы жекеменшік санаулыгазеттердің бірі.
«Qazaq Media Association» ЗТжЖКБ төрағасы Ербол Азанбек меморандумның маңызына тоқталып: «Қазақмедиасының алдында бірлесе шешуді қажет ететін ортақміндет көп. Ақпараттық қауіпсіздік, сапалы контент, қазақаудиториясының сұранысына сай жаңа форматтар, қаржыландыру — мұның бәрі тізе қоса жұмыс істеуді қажететеді. Бұл меморандум — бәсекелестіктен бұрын серіктестікмәдениетін қалыптастыруға жасалған қадам. Қауымдастықалдағы уақытта түрлі бағыттар бойынша жұмысынжандандырады. Атап айтқанда, алдағы күндері республика көлемінде қауымдастық құрамына кіруге ниет танытыпотырған БАҚ-тарды қабылдау жұмыстарын жалғастырамы. Жуырда Астанада, Алматыда барлық БАҚ өкілдерініңбасын қосып, ортақ мәселелерді шешу жолын талқылаймыз. Сонымен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан жәнеТүркия журналистер қауымдастықтарымен ынтымақтасажұмыс істеу жайы да пысықталуда»,- деді.
«Almaty Aqparat» медиахолдингі бас директоры ЕржанҚалымбайұлы:
«Қазақтілді медиа бір-бірін қолдағанда ғана ықпалдыақпараттық орта қалыптасады. Біз тәжірибе алмасуға, ортақжобалар жасауға және кәсіби байланыстарды күшейтугемүдделіміз», — деді.
«Жас алаш» ЖШС атқарушы директоры Ринат Рахимов:
«Бүгінгі медиа кеңістікте сапалы журналистика мен жауапты ақпарат тарату ерекше маңызды. Осындайынтымақтастық алаңдары қазақ баспасөзінің жаңа деңгейгекөтерілуіне мүмкіндік береді», — деп атап өтті.
«Қазақ баспасөзі қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, ұлттық мүддеге қызмет етуі керек. Бұл меморандум — әрредакцияның тәжірибесін біріктіріп, оқырманға сапалы әрісенімді ақпарат ұсынуға бағытталған маңызды қадам. Ортаққұндылықтар төңірегінде бірігу — бүгінгі уақыттың талабы», — деді «Қала мен дала» газетінің өкілі Жарас Ниязбекұлы.
Тараптар алдағы уақытта бірлескен медиа-жобалардыжүзеге асыру, кәсіби форумдар мен кездесулер өткізу, журналистердің тәжірибелерін шыңдап, бір-бірлерінеақпараттық қолдау көрсету және қазақтілді контенттідамыту бағытында бірлесе жұмыс жүргізуге уағдаласты.



