Сенбі, 31 октября, 2026
spot_img
Басты бетБілім және ҒылымАбай университетінде “Таза Қазақстан” апталығы аяқталды

Абай университетінде “Таза Қазақстан” апталығы аяқталды

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында арнайы өткізілген экологиялық апталық өз жұмысын қорытындылады. Апталыққа қара шаңырақтың10 мың ерікті студенті қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Оған шетелдік білім алушылар да қатысты, деп хабарлайды QazNews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында«Қалалардың қауіпсіз, жайлы, көрікті болуына басымдық, яғни приоритет ретінде қарай отырып, бұл істі аса маңызды мемлекеттік міндет деп қабылдау керек. Бұл – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасына толық сай келетін талап» деген болатын. Осындай игі құндылықтарды мақсат еткен апталық өскелең ұрпақтыңбойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті күшейтіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ студенттерді ортақ іске жұмылдырып, қоғамдық жұмыстабелсенді әрі салауатты өмір салтын насихаттауда құлшынысты арттыруға шақырды.

Апталықтың жабылуына Іле Алатауы мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аға мемлекеттік инспекторы Салтанат Амантайқызыарнайы қатысып, жастардың экологиялық белсенділігін жоғары бағалады. УниверситеттіңӘлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақау аталған жобаныңЖаңа Конституцияға негізделгенін, қауіпсіз, дамыған және таза қоғамды қалыптастыруға бағытталғанын алға тартты.

«Таза Қазақстан» акциясы Президентіміздің бастамасымен жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Ең алдымен бұл науқан айналамызға жанашырлық танытып, табиғатты құрметтеудіүйретеді. Апталық барлық факультетте ұйымдастырылып, бүгінгі қорытындысына бес факультеттің білім алушылары жиналды. Осындай бастамалар арқылы студенттер университет қабырғасында кәсіби білім ғана емес, патриоттық ұстаным мен жауапкершілігін де қалыптастырады, – деді проректор.

Республика күні мерекесіне байланысты ұйымдастырылған экологиялық апталық 30 қазанға дейін білім ордасының барлық кампустарында апта бойы жалғасып жатты. Бүгін университет бас ғимаратының алдынажиналған білім алушылар бірнеше оқу корпусы алаңында тазалық жұмыстарын жүргізіп, аулаларды ағаш жапырақтары мен қоқыстардан тазартты.

Айта кетейік, Абай университетінде «Таза Қазақстан» акциясын қолдау бағытындаөткізілетін сенбіліктер мен іс-шаралар мұныментоластамайды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталғанжұмыстар жыл бойыжалғасын таппақ.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр