Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Абай университетінде агробиостанция ашылды

    11 ноября, 2025

    Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

    8 ноября, 2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    6 ноября, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Вторник, 11 ноября
    • Басты
    • Саясат

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025

      АҚШ Украинамен мәміледе күтпеген үзіліс алды — БАҚ

      14 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

      8 ноября, 2025

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025

      Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

      25 октября, 2025

      Биыл Алматы облысындағы жолдардан 823 сынама алынған

      24 октября, 2025

      Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

      23 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды
    Жаңалықтар

    Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

    23 октября, 202513 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Абай университетінде қазақ халқының көрнекті ағартушысы, тұңғыш математика оқулығының авторы Міржақып Дулатұлының есімін ұлықтау мақсатында «М.Дулатұлыатындағы математика дәрісханасының» тұсауы кесілді. Бұл тағылымды іс оқу орнының Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің бастамасымен жүзеге асқанын айта кету керек. Аудиторияның ашылуына еліміздің белгілі академиктері мен ғалымдары қатысты.

    Шараның негізгі мақсаты – қазақ ғылымы мен білімінің іргетасын қалаған тұлғалардың рухани мұрасын жаңғырту, сондай-ақ ұлттық педагогика дәстүрі мен заманауи білім беру арасындағы сабақтастықты нығайту. Дәрісхананың лентасын академик Мұрат Жұрынов пен әлемге танымал математик, академик Мұхтарбай Өтелбаев қиды.

    Физика-математика факультетінің жанынан ашылған жаңа дәрісхана заманауи оқу жабдықтарымен, интерактивті тақтамен және ғылыми-әдістемелік материалдармен толық қамтамасыз етілген. Аудиторияда Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын танытатын көрнекі ақпараттар, сирек басылымдардың көшірмелері және ағартушының әйгілі «Есеп құралы» атты еңбектерінің цифрлық нұсқалары орналастырылған.

    Салтанатты басқосуды университеттің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп ашып, Міржақып Дулатұлының педагогикалық және ғылыми мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті.

    – Алаш арыстарының бірі Міржақып Дулатұлына дәрісхана ашуымыздың себебі айқын. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – тұңғыш жоғары оқу орыны. Ал осы тарихы әріден басталатын қасиетті қара шаңырақтың ашылуында Алаш арыстарының еңбегі өте зор. Ұлт мақтаныштары Ораз Жандосов, Санжар Асфендияров, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Халел Досмұхамедов, Ілияс Қабылов, Бәймен Алманов, Темірбек Жүргенов дәріс оқыды. Әліпбидің тұңғыш авторы Ахмет Байтұрсынұлы секілді олардың көпшілігі талай істің тұңғыштары саналады. Қазірде ҚазҰПУ – көшбасшы педагогикалық оқу орны ретінде Қазақстан мен Орталық Азияда алдыңғы қатарда тұр. Сондықтан, Алаш арыстарының ішінде тұңғыш қазақ тіліндегі математика оқулығын жазған, биыл туғанына 140 жыл толған Міржақып Дулатұлының есімін физика-математика факультетінде дәрісханаға беру – толықтай заңды әрі орынды деп есептеймін, – деді Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы—ректоры Болат Тілеп.

    Шараның модераторы Абай университетінің профессоры, академик Алма Әбілқасымова «Міржақып Дулатұлы ХХ ғасырдың басында қазақ балаларына арналған тұңғыш математика оқулығы– «Есеп құралын» жазып, ұлттық бастауыш білім беру жүйесіне тың серпін әкелді. Біз оны «Қазақстанда математиканы оқытусабақтастығының қалыптасу тарихы» атты оқу құралында жан-жақты жазып шықтық» деді.

    Тұсаукесер рәсімінде сөз алған академик, ғалымдар М.Жұрынов, М.Өтелбаев, М.Қойгелдиев,А.Жарменов, М.Садыбеков, осы университет түлегі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев Міржақып Дулатұлының қоғамдық-саяси және ағартушылық тұлғасын барынша ашып берді.

    Жиынның құрметті қонағы – Міржақып Дулатұлының жиені, аудиторияның жасақталуына демеушілік жасаған «Мектеп» баспасының бас директоры Ерлан Сатыбалдиев университет ұжымына ағартушы есімін ұлықтауға бағытталған бұл бастама үшін алғысын білдіріп, біртуар тұлға ұрпақтары атынан ЖОО басшылығына және салтанатты жиынға қатысқан мәртебелі қонақтарға «Міржақып Дулатұлы» медалін табыс етті.

    Естеріңізге сала кетейік, Міржақып Дулатұлы ана тілімізде жазылған тұңғыш романның ғана емес, мектеп оқушыларына арналған алғашқы «Есеп құралы» математика оқулықтарының да авторы. Сан мәрте басылып шыққан бұл оқулықтар– кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында қазақжәне қырғыз мектептерінде математика пәнін оқытудағы негізгі оқу құралы болған. Бірнеше ұрпақ өкілдері олардың көмегімен ана тілінде математикалық сауат ашқан.

    Абай университеті Болат Тілеп дәрісхана оқу орны
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Абай университетінде агробиостанция ашылды

    11 ноября, 2025

    Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

    8 ноября, 2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    6 ноября, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 553 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 438 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 275 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 375 Views
    Оқылып жатыр
    11 ноября, 2025

    Абай университетінде агробиостанция ашылды

    Бүгін Абай университеті Алматының іргесінде Агробиостанция кешенін ресми түрде іске қосты. Ашылуына университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар…

    Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

    8 ноября, 2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    6 ноября, 2025

    Абай университеті «Бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

    6 ноября, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.