Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Казиноға жеңілдік, медицинаға салық: Жаңа Салық кодексі қоғамда дау тудырды

    31 декабря, 2025

    Электросамокаттарды жалға беру ережелері қатаңдатылды

    31 декабря, 2025

    Алматы дәрігерлері актер Мұрат Бисембиннің жағдайы туралы мәлімдеді

    31 декабря, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Среда, 31 декабря
    • Басты
    • Саясат

      Олимпиада чемпиондарынан мемлекеттік басқаруға: спортшы шенеуніктерге шолу

      5 декабря, 2025

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17 ноября, 2025

      Петиция против запрета на вычеты и повышения НДС не прошла модерацию

      14 ноября, 2025

      Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

      8 ноября, 2025

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025

      Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

      25 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Импорт өсіп, экспорт төмендеді. Қазақстанның Ресей импорына тәуелділігі артты
    Әлем

    Импорт өсіп, экспорт төмендеді. Қазақстанның Ресей импорына тәуелділігі артты

    27 марта, 20255 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, еліміздің Ресейден импортқа тәуелділігі күшейе түскен, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасаған QazNews.kz

    «Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2024 жылы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға өсіп, 27,8 млрд долларға жетті. Бұл негізінен импорттың 8%-ға артуы есебінен болды, ал Қазақстаннан Ресейге экспорт 6%-ға төмендеді. Импорттың өсуі мен экспорттың қысқаруы арасындағы құрылымдық теңгерімсіздік қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне және Ресей импортына тәуелділіктің артуына алып келуі мүмкін», – делінген сәрсенбі күні жарияланған хабарламада.

    2024 жылы Ресейдің Қазақстанның жалпы тауар айналымындағы үлесі 20%-ға дейін ұлғайды (2023 жылы – 19%). Импорттағы үлесі 28%-дан 31%-ға дейін артса, экспорттағы үлесі 13%-дан 12%-ға төмендеген.

    Қазақстаннан Ресейге экспортталатын химия өнімдерінің (+189 млн доллар) және металдардың (+47 млн доллар) үлесі артқанымен, машина жасау (-629 млн доллар) және минералдық өнімдер (-370 млн доллар) көлемі қысқарған. Бұл Ресей тарапынан қазақстандық шикізаттық тауарларға сұраныстың өскенін көрсетеді.

    2024 жылы Қазақстанға Ресейден тоқыма бұйымдары (+364 млн доллар), бағалы металдар (+390 млн доллар) және химия өнімдері (+334 млн доллар) көптеп әкелінген. Сонымен қатар, азық-түлік (+129 млн доллар), азық-түлікке жатпайтын тауарлар (+505 млн доллар) және өндірістік тауарлар (+929 млн доллар) импорты да артқан.

    Ресеймен саудадағы теріс баланс 2023 жылы 6,6 млрд доллар болса, 2024 жылы 8,7 млрд долларға дейін ұлғайған. Бұл Қазақстанның төлем балансына қосымша қысым түсірген.

    Сауда көлемінің артуына байланысты рубльдің төлем жүйесіндегі үлесі өсті. 2024 жылдың алғашқы тоғыз айында экспорт бойынша төлемдердің 77%-ы, ал импорт бойынша 96%-ы рубльмен жүргізілген.

    ҚҚҚ сарапшыларының айтуынша, Ресейден импорттың көбеюі Қазақстанның ішкі өндірісінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Кейбір импорттық тауарларды (автокөлік бөлшектері, мұнай өнімдері, киім, дәрі-дәрмек, азық-түлік өнімдері) жергілікті өндіріс арқылы алмастыру үшін мемлекеттік бағдарламалар қажет.

    Сарапшылардың пікірінше, Ресейден импорттың артуы теңге мен рубльдің өзара байланысын күшейтіп, инфляция мен валюта нарығына қысым жасайды. Егер сауда теңгерімін реттеу шаралары қабылданбаса, бұл үрдіс жалғасуы мүмкін.

    импорт Қазақстан РФ Экономика
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Қазақстанда жалпы декларациядан бас тарту мүмкін бе?

    17 декабря, 2025

    Қазақстанда уақыттың ауысуы электр тұтыну көлеміне әсер етті ме?

    15 декабря, 2025

    Қазақстанда пәтер бағасы көтерілді

    11 декабря, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 555 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 277 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 379 Views
    Оқылып жатыр
    31 декабря, 2025

    Казиноға жеңілдік, медицинаға салық: Жаңа Салық кодексі қоғамда дау тудырды

    Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Құжат қоғамда көп сұрақ…

    Электросамокаттарды жалға беру ережелері қатаңдатылды

    31 декабря, 2025

    Алматы дәрігерлері актер Мұрат Бисембиннің жағдайы туралы мәлімдеді

    31 декабря, 2025

    «Балалардың үйден кетуі жиілеген». Полиция ата-аналарды сақ болуға шақырды

    31 декабря, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.