Жексенбі, 25 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарАстанада көпқабатты тұрғын үй маңынан екі адамның денесі табылды

Астанада көпқабатты тұрғын үй маңынан екі адамның денесі табылды

Астана полициясы Highvill тұрғын үй кешенінде болған екі қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады QazNews.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

“18 желтоқсанда полицияға Highvill тұрғын үй кешенінің аумағында мәйіт табылғаны туралы хабар түсті. Жедел тексеру барысында марқұмның жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Сонымен қатар қала аумағының басқа жерінде Астананың бір тұрғыны тұрғын үйдің 18-қабатынан құлаған”, — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда екі дерек бойынша да қылмыстық іс басталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Астана қаласындағы Highvill тұрғын үй кешенінде бір-бірімен байланысы жоқ екі адамның бір мезгілде секіріп, қаза тапқаны туралы ақпарат тараған еді.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments