Сенбі, 24 қаңтар, 2026
spot_img
HomeБілім және ҒылымЖетісу ғалымдары Оксфордта тәжірибе алмасуда

Жетісу ғалымдары Оксфордта тәжірибе алмасуда

2025 жылғы 14-25 желтоқсан аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Байғабатова Назгүл Қажымұратқызы және оқытушы-дәріскер, философия докторы (PhD) Абдрахим Мирас Еркінұлы Ұлыбританияның Оксфорд университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде, деп жазады QazNews.kz

Бұл іссапар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын ЖТН AP26197965 «Посткеңестік Қазақстандағы этникалық репатрианттардың күнделікті өмірі: бейімделу стратегиялары мен интеграциялық тәжірибелері (Жетісу облысының мысалында)» ғылыми жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Тағылымдама барысында Оксфорд университетінің жетекші ғалымдарымен ғылыми кеңес алу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, профессор Александер Моррисонмен зерттеу мәселесінің тарихи контексі мен салыстырмалы-тарихи талдау бағыттары бойынша пікір алмасу орын алды. Университетке қарасты Көші-қон, саясат және қоғамды зерттеу орталығының (COMPAS) профессоры Мэдлин Ривз заманауи миграциялық процестер және репатриацияның теориялық модельдерін талдау бойынша кеңестер берді.

Сондай-ақ Жетісу ғалымдары Оксфорд университетінің Бодлиан кітапханасында жоба тақырыбына қатысты шетелдік соңғы ғылыми жарияланымдар, теориялық-әдістемелік тәсілдер мен тұжырымдар бойынша материалдар жинақтау жұмыстарын жүргізуде.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments