Сәрсенбі, 28 қаңтар, 2026
spot_img
Басты бетҚоғамАлматыда метро қызметкерлері қазына қаражатын ұрлаған

Алматыда метро қызметкерлері қазына қаражатын ұрлаған

Квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі заңбұзушылықтарын қадағалау барысында Алматы метросы қызметкерлерінің бюджет қаржысын жымқырғаны анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайтына сілтеме жасаған QazNews.kz

Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше,  «Метрополитен» КМК қызметкерлері локомотивтерге арналған бастапқы резеңке серіппелерді 137 миллион теңгеге көтерілген бағамен сатып алған.

– Бұл тұжырымды Метрополитеннің аудиторлық есебі де растады, осыған байланысты көлік прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, оны қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат таратуға жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы  1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi тәртіппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кінәсіз болып саналады, – делінген хабарламада.

 

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр