Павлодарда 1999 жылы қарақшылық шабуыл жасап, содан бері іздеуде жүрген қылмыскер Мәскеуде қолға түсті, деп жазады QazNews.kz.
Оны Павлодар облысының полицейлері Ресей ІІМ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында ұстаған.
Жалпы, 2026 жылдың 10 айында Павлодар облысында іздеуде жүрген 73 адам анықталған. Сонымен қатар шетелде бой тасалап жүрген тағы 7 қылмыскердің жүрген жері белгілі болды.


