Сәрсенбі, 18 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстандықтар жаппай Астанаға көшіп жатыр

Қазақстандықтар жаппай Астанаға көшіп жатыр

Қазақстанда ішкі көші-қон бойынша ең танымал қала Астана болды. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында елордаға 257 мың адам көшіп келсе, 205 мың адам басқа өңірлерге кеткен. Осылайша, ішкі көші-қон есебінен қала халқы 52 мың адамға өсті, деп жазады QazNews.kz.

Finprom сарапшыларының мәліметінше, бұл көрсеткіш Алматы мен Шымкент қалаларының жиынтық миграциялық өсімінен де жоғары.

Алматыда миграциялық өсім 29 мың адамды, Шымкентте 11,1 мың адамды құрады.

Астанаға көбіне қай өңірлерден көшеді?

Елордаға ең көп көшкендер – Ақмола облысының тұрғындары. Тоғыз айда бұл өңірден Астанаға шамамен 23 мың адам қоныс аударған. Түркістан облысынан тағы 15 мың адам келген.

Сонымен қатар, Қазақстанның кейбір өңірлерінде халық саны көші-қон есебінен азайып жатыр. Тұрғындардың ең көп кетуі Түркістан облысында тіркелген. Онда миграциялық кему 32,1 мың адамды құрады.

Одан кейін Жамбыл және Қызылорда облыстары тұр.

Жалпы, 2026 жылдың тоғыз айында Қазақстан ішінде шамамен 1,4 миллион адам тұрғылықты жерін ауыстырған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8 пайызға көп.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр