Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Қытайда 8 мың тонна асфальт 6 сағатта төселді

    8 декабря, 2025

    Жаңа Құрылыс кодексі: Тау бөктеріндегі заңсыз құрылысқа нүкте қойылмақ

    8 декабря, 2025

    Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 шетелдік қаза тапты

    8 декабря, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Вторник, 9 декабря
    • Басты
    • Саясат

      Олимпиада чемпиондарынан мемлекеттік басқаруға: спортшы шенеуніктерге шолу

      5 декабря, 2025

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17 ноября, 2025

      Петиция против запрета на вычеты и повышения НДС не прошла модерацию

      14 ноября, 2025

      Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

      8 ноября, 2025

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025

      Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

      25 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Алматыда академик Шора Сарыбаевтың 100 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті
    Мәдениет және шоу-бизнес

    Алматыда академик Шора Сарыбаевтың 100 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті

    29 ноября, 202514 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2025 жылы 28 қарашада Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, түркі әлеміне танымал тұлға, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерекелік концерт өтті, деп жазады QazNews.kz

    Мерейтой аясында академиктің ғылыми мұрасы мен тұлғалық болмысына қатысты құнды пікірлер мен естеліктер ортаға салынды. Шараға профессор Жамал Айтқалиқызы Манкеева, филология ғылымдарының кандидаты Майра Шорақызы, саясаттанушы Жанұзақ Әкім, сонымен қатар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, тележүргізуші, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының “Даму және БАҚ”бөлімінің орынбасары,  Қарагөз Сүлейменова Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың қазақ тіл біліміне қосқан өлшеусіз үлесін, оның ұлттық ғылымды дамыту жолындағы еңбегін ерекше атап өтті.

    Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Жамал Айтқалиқызы Манкеева академиктің ғылыми мұрасын саралап, оның түркі әлеміндегі беделі мен еңбектерінің маңызын атап өтті. Сондай-ақ, профессор Жамал Манкеева академиктің түркология мен қазақ диалектологиясын дамытудағы тарихи рөліне тоқталып:

    «Шора Шамғалиұлы қазақ диалектологиясының ғылыми мектебін қалыптастырған аса ірі ғалым. Ол ұмытылған көне сөздер мен аймақтық тіл ерекшеліктерін жүйелеп, бұл саланы дербес ғылыми бағыт ретінде дамытты», – деді.

    Ғалымның диалектология ғылымын қалыптастырудағы рөлі, аймақтық тіл ерекшеліктерін жүйелеу арқылы қазақ тілінің тарихи дамуын терең зерттегені кеңінен айтылды. Сонымен бірге Шора Шамғалиұлының өнерге жақындығы, ерекше орындаушылық қабілеті мен адамгершілік болмысы да еске алынды.

    Саясаттанушы, «Адам» халықаралық институтының президенті Жанұзақ Әкім Ш. Сарыбаевтың қазақ зиялыларының мұрасын сақтау бағытында атқарған ауқымды еңбегін атап өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр басындағы қазақ қайраткерлерінің еңбектеріне арналған екі томдық библиографияны құрастыру барысында академиктің азаматтық ұстанымы мен қайсарлығы айрықша көрініс бергені туралы пікір білдірді. Сонымен қатар, оның қазақ музыка мәдениетінің зерттелуіне қосқан үлесі де айтылды.

    Айта кету керек, 1964 жылы «Қайрат» командасы құрылды, және осы команданың атын қойғанда да Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың рөлі орасан зор болды. Ғалым шығармашылық топтың дамуына, ұлттық өнердің ілгерілеуіне қосқан үлесімен тарихта қалды.

    Ғалымның қызы, филология ғылымдарының кандидаты Майра Шорақызы әкесінің ғылым жолындағы ұстанымдары мен мұрасының бүгінгі ұрпаққа берер тағылымы жөнінде жылы лебізін білдірді. Ол Шора Шамғалиұлының өмірден өткеннен кейін оның жеке архивін жинақтап, жүйелеу жұмыстарын қолға алғанын, осы материалдар негізінде бірқатар еңбектер жарық көргенін атап өтті. Сонымен қатар 2021 жылы Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханадан «Шора Шамғалиұлы Сарыбаев атындағы оқу залының» ашылуы ғалым мұрасының ұрпаққа қалдырған үлкен қазына екенін жеткізді.

    Мерекелік шара барысында академиктің ғылыми мұрасы ғана емес, оның ұлттық мәдениетті дамытудағы рөлі де жан-жақты көрсетілді. Шора Сарыбаевтың өмірі мен ғылыми жолын айғақтайтын портреттер, фотосуреттер, еңбектерінен үзінділер, архив материалдары қойылған экспозиция көпшілік назарына ұсынылды. Көрме ғалымның халықаралық конференциялар мен қоғамдық іс-шаралардағы қызметін де қамтыды. Кеш соңында Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың ағартушылық рухына арналған концерттік бағдарлама ұсынылды. Концертке еліміздің белгілі өнер шеберлері қатысып, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ансамблі де өз өнерін көрерменге тарту етті. Концертте қазақтың дәстүрлі ән-күйлері, ұлттық орындаушылық өнердің көріністері паш етілді.

    академик мерейтой Шора Сарыбаев
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Еркебұлан Тоқтардың марапаты қоғамда қызу талқылануда

    8 декабря, 2025

    Алматыда жас ақындар айтысы өтті

    5 декабря, 2025

    Танымал әнші Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

    24 ноября, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 554 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 277 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 378 Views
    Оқылып жатыр
    8 декабря, 2025

    Қытайда 8 мың тонна асфальт 6 сағатта төселді

    Қытай астанасында желіні де, жол салу саласының мамандарын да таңғалдырған ерекше оқиға болды. Тек бір…

    Жаңа Құрылыс кодексі: Тау бөктеріндегі заңсыз құрылысқа нүкте қойылмақ

    8 декабря, 2025

    Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 шетелдік қаза тапты

    8 декабря, 2025

    Атырау облысында аңшылық адам өлімімен аяқталды

    8 декабря, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.