Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Қытайда 8 мың тонна асфальт 6 сағатта төселді

    8 декабря, 2025

    Жаңа Құрылыс кодексі: Тау бөктеріндегі заңсыз құрылысқа нүкте қойылмақ

    8 декабря, 2025

    Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 шетелдік қаза тапты

    8 декабря, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Вторник, 9 декабря
    • Басты
    • Саясат

      Олимпиада чемпиондарынан мемлекеттік басқаруға: спортшы шенеуніктерге шолу

      5 декабря, 2025

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17 ноября, 2025

      Петиция против запрета на вычеты и повышения НДС не прошла модерацию

      14 ноября, 2025

      Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

      8 ноября, 2025

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025

      Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

      25 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Алаяқтық көбейді, жауапкершілік жоқ: Қазақстанда риелторлар қызметі реттелмек
    Басты тақырып

    Алаяқтық көбейді, жауапкершілік жоқ: Қазақстанда риелторлар қызметі реттелмек

    26 ноября, 202516 Views
    ru.freepik.com
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанда риелторлық сала әлі күнге дейін толыққанды реттелмеген. Нарыққа кез келген адамның еркін кіруі, бірыңғай талаптар мен жауапкершілік тетіктерінің болмауы — алаяқтықтың көбеюіне және азаматтардың құқықтарының жиі бұзылуына әкеліп отыр. «Атамекен» ҰКП жанындағы өзін-өзі реттеу институттарын дамыту комитетінің төрағасы Асланбек Жақұпов елімізде риелторлық қызметті жүйелеуге бағытталған жаңа заң жобасы әзірленіп жатқанын айтты, деп жазады QazNews.kz

    «Риелторлық қызмет нарығы бүгінгі таңда экономиканың ең бақылаусыз сегменттерінің бірі. Арнайы уәкілетті орган да, міндетті сертификаттау жүйесі де жоқ. Осы себепті салаға кездейсоқ адамдар да, алаяқтық схемалар да оңай кіріп кетеді. Бұл өз кезегінде халықтың сеніміне және кәсіптің беделіне зиян тигізеді», — дейді Асланбек Жақұпов.

    Оның айтуынша, елімізде шамамен 30 мыңға жуық риелтор жұмыс істейді, бірақ олардың тек үштен бірі ғана ресми тіркелген. Қалғандары салық төлемей, ешқандай жауапкершілік жүктемей қызмет көрсетеді.

    «Саланың көлемі екі триллион теңгеден асады. Бірақ мәмілелердің едәуір бөлігі көлеңкеде қалып отыр. Бұл — мемлекет үшін миллиардтаған салықтың жоғалуы, ал азаматтар үшін — құқықтық қорғаныстың болмауы», — дейді ол.

    Қазір риелторлық қызметті жүйелеуге бағытталған жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Асланбек Жақұповтың айтуынша, классикалық мемлекеттік лицензиялау бұл салаға тиімді болмайды, себебі нарық өте қарқынды, сондықтан икемді тәсілдерді қажет етеді.

    «Ең оңтайлы шешім — салалық өзін-өзі реттейтін ұйым құру. Ол нарық ойыншыларын біріктіріп, ортақ стандарттар енгізіп, қызмет сапасын бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл кәсіби тәртіпті нығайтып, азаматтардың сенімін арттырады», — дейді Жақұпов.

    Оның айтуынша, «Атамекен» мен депутаттар корпусы заңнамалық бастамалар бойынша бірлесе жұмыс істеуді жалғастырады.

    «Бұл заңның қажеттілігі бұрыннан пісіп-жетілді. Тұрғын үй сатып алу — адамның өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Сондықтан азаматтар кәсіби, ашық әрі қауіпсіз қызметке қол жеткізуге толық құқылы», — деп қорытындылады сарапшы.

    баспана алу жаңа заң риэлтор үй алу
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Қытайда 8 мың тонна асфальт 6 сағатта төселді

    8 декабря, 2025

    Жаңа Құрылыс кодексі: Тау бөктеріндегі заңсыз құрылысқа нүкте қойылмақ

    8 декабря, 2025

    Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 шетелдік қаза тапты

    8 декабря, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 554 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 277 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 378 Views
    Оқылып жатыр
    8 декабря, 2025

    Қытайда 8 мың тонна асфальт 6 сағатта төселді

    Қытай астанасында желіні де, жол салу саласының мамандарын да таңғалдырған ерекше оқиға болды. Тек бір…

    Жаңа Құрылыс кодексі: Тау бөктеріндегі заңсыз құрылысқа нүкте қойылмақ

    8 декабря, 2025

    Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 шетелдік қаза тапты

    8 декабря, 2025

    Атырау облысында аңшылық адам өлімімен аяқталды

    8 декабря, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.