Сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026
spot_img
HomeБасты тақырыпАЭС салу үшін ядролық технологиялар қайдан келеді

АЭС салу үшін ядролық технологиялар қайдан келеді

Қазақстан атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша серіктестермен келіссөздерді жалғастырып жатыр. Атом энергиясы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев Оңтүстік Кореяның Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP) компаниясының делегациясымен кездесті. Бұл туралы Курсив жазады.

Қазір агенттік АЭС құрылысына ядролық технологиялар жеткізушіні таңдап жатыр. Оңтүстік Кореялық компания соған үміткерлердің бірі. KHNP компаниясының бас директоры Чухо Уанг бұл жобаға қатысуға қызығушылық танытып отыр. Атом энергетикасы саласындағы технологиялары мен әзірлемелерін ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

Агенттік мәліметінше, KHNP компаниясымен кездесу АЭС салуға қажетті ядролық технологиялар жеткізушілермен келіссөздердің соңғы кезеңі болды.

Ал АЭС-ті салатын вендор-ел бойынша жұмыс әлі жалғасып жатыр. Қазақстанда АЭС-ті Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай және Франция компаниялары салғысы келеді. Нақты қай мемлекет салатыны жайлы шешім осы жылдың бірінші шілдесіне дейін қабылданады.

Елімізде бір емес бірнеше атом электр станциясын тұрғызылады. Бірі Алматы облысында салынса, екіншісі – Абай облысында, бұрынғы Семей полигоны маңында бой көтеруі мүмкін

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments