Жұма, 30 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпРФММ оқушылары екінші тоқсанда қашықтан оқиды

РФММ оқушылары екінші тоқсанда қашықтан оқиды

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) әкімшілігі оқушылардың жаппай сырқаттануына қатысты түсініктеме берді. Мектепте санитариялық-профилактикалық және дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр. Ал екінші тоқсанда сабақтар уақытша қашықтан оқыту форматында өтеді, деп хабарлайды qaznews.kz.

Мектептің мәліметінше, қазір анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда.

«Бұл дерек бойынша санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Оның нәтижелері заңнамада белгіленген мерзімде жарияланады», – делінген РФММ хабарламасында.

Мектеп әкімшілігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта оқушылар күзгі демалыста. Екінші тоқсанда оқу процесі уақытша қашықтан ұйымдастырылады.

Ал дәстүрлі оқу форматына қашан оралатыны әзірге белгісіз. Бұл мәселе барлық қажетті санитариялық-профилактикалық шаралар толық аяқталып, санитариялық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілгеннен кейін қарастырылады.

Сондай-ақ мектеп әкімшілігі осы жағдайға қатысты ақпарат алған кезде тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр