Сенбі, 31 қаңтар, 2026
spot_img
Басты бетСпортАлматыда ұлттық ойын арқылы Тәуелсіздік рухы дәріптелді

Алматыда ұлттық ойын арқылы Тәуелсіздік рухы дәріптелді

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Наурызбай ауданы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында тоғызқұмалақтан ашық турнир ұйымдастырылды, деп жазады QazNews.kz

Аталған жарысқа қала тұрғындарымен қатар, ұлттық зияткерлік ойынға қызығушылық танытқан Қазақстан Республикасының Шекара академиясының курстанттары да қатысып, өзара шеберліктерін сынады.

Турнирдің басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тоғызқұмалақ ойыны арқылы жастардың ой-өрісін кеңейту және Тәуелсіздік рухын насихаттау.

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тартысты сәттерге толы болды.

Ұлттық ойын арқылы өскелең ұрпақтың отансүйгіштік рухы нығая түсті.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр