Сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарАлматыда ойын алаңында баланы тепкен ер адам қамауға алынды

Алматыда ойын алаңында баланы тепкен ер адам қамауға алынды

Алматыда ойын алаңында баланы тепкен ер адам ұсталды, деп жазады QazNews.kz

Алматы Полиция департаменті жағдайға пікір білдірді.

«Әлеуметтік желілерде ер адамның тұрғын үй кешені ауласында балаға қол көтерген сәті бейнеленген видео кеңінен тарап жатыр. Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады», — деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

«Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», — деді ІІМ өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан «Каспий» тұрғын үй кешенінде ер адам аулада ойнап жүрген баланың біріне күш қолданды деген ақпарат тарады. Оқиға барысында ер адамның жұбайы да келіп, зардап шеккен баланың әжесімен сөзге келіп қалғаны хабарланды.

Зардап шеккен баланың туыстарының айтуынша, аталған отбасы өз тарапынан болған әрекетті мойындамай отыр.

Сондай-ақ, учаскелік инспектор тарапынан оларды «татуластыру» жөнінде ұсыныс болғанын, ал оны жүзеге асыру үшін күдіктілер медициналық шығынды өтеуі керектігі туралы ақпарат та тарады.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments