Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Қытайда 8 мың тонна асфальт 6 сағатта төселді

    8 декабря, 2025

    Жаңа Құрылыс кодексі: Тау бөктеріндегі заңсыз құрылысқа нүкте қойылмақ

    8 декабря, 2025

    Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 шетелдік қаза тапты

    8 декабря, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Вторник, 9 декабря
    • Басты
    • Саясат

      Олимпиада чемпиондарынан мемлекеттік басқаруға: спортшы шенеуніктерге шолу

      5 декабря, 2025

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17 ноября, 2025

      Петиция против запрета на вычеты и повышения НДС не прошла модерацию

      14 ноября, 2025

      Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

      8 ноября, 2025

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025

      Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

      25 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » «Мейірім 16» – мүмкіндігі шектеулі жастардың жаңа мүмкіндіктер ортасы
    Жаңалықтар

    «Мейірім 16» – мүмкіндігі шектеулі жастардың жаңа мүмкіндіктер ортасы

    29 ноября, 202516 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жуырда «Мейірім 16» орталығының ашылғанына бір жыл толады. Бұл орталық – Қазақстандағы 18 жастан асқан менталдық және физикалық мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер мен жастарды әлеуметтік бейімдеуге, интеграциялауға және кәсіби бағдарлауға арналған алғашқы арнайы алаң. Айта кету керек, қысқа уақыт ішінде орталық жастарға мамандық таңдауда, өмірлік мақсаттарын қалыптастыруда және болашақта дербес әрі табысты өмір сүруге қажетті дағдыларды дамытуда маңызды орынға айналды, деп жазады QazNews.kz

    «Мейірім 16» орталығы жұмысының басты бағыттарының бірі – кешенді кәсіби бағдар беру. Орталық мамандары күн сайын жастардың таным көкжиегін кеңейтетін, оларды түрлі сала мамандықтарымен таныстыратын және оқу мен жұмыстың қолайлы бағыттарын таңдауға көмектесетін бағдарламаларды жүзеге асырады.

    Осы жұмыс аясында Алматының Жоғары стоматология колледжіне таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Онда жасөспірімдер оқу үдерісімен танысып, оқу кабинеттерін көріп, медицина және стоматология саласындағы мамандықтар туралы ақпарат алды.

    Сонымен қатар орталық қаладағы жетекші оқу орындарымен — Алматы технологиялық колледжімен, Архитектура, дизайн және инженерия колледжімен ұзақ мерзімді әріптестік орнатып келеді. Осы ынтымақтастық аясында педагогтар тарапынан практикалық мастер-кластар өткізіледі. Мұндай жобалар жастарға тек мамандықтар туралы ақпарат алып қана қоймай, тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен өздерін нақты бағыттарда сынап көруге мүмкіндік береді.

    Білім беру ұйымдарымен жұмыс жасаудан бөлек, «Мейірім 16» орталығы жастар болашақта жұмыс таба алатын мекемелермен байланыс орнатуда.

    Орталықта болған уақыт ішінде олар Алматы экохабына, «Шаңырақ» қарттар үйіне, «Доброта» қарттар орталығына, НТК телеарнасына және танымал қазақстандық әншінің студиясына барды.

    Мұндай сапарлар жасөспірімдерге нақты жұмыс процестерін көріп, мамандармен танысып, ұжым атмосферасын сезініп, өздеріне ұнайтын бағытты бағамдауға мүмкіндік береді.

    Орталық қызметкерлерінің айтуынша, осындай жұмыстардың арқасында ерекше қажеттіліктері бар жастар өз әлеуетін ашып, өзіне деген сенімділігін арттырып, жаңа білім мен тәжірибе жинақтайды. Бұл олардың кәсіби және әлеуметтік өмірге жол ашуына мүмкіндік береді.

    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Қытайда 8 мың тонна асфальт 6 сағатта төселді

    8 декабря, 2025

    Жаңа Құрылыс кодексі: Тау бөктеріндегі заңсыз құрылысқа нүкте қойылмақ

    8 декабря, 2025

    Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 шетелдік қаза тапты

    8 декабря, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 554 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 277 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 378 Views
    Оқылып жатыр
    8 декабря, 2025

    Қытайда 8 мың тонна асфальт 6 сағатта төселді

    Қытай астанасында желіні де, жол салу саласының мамандарын да таңғалдырған ерекше оқиға болды. Тек бір…

    Жаңа Құрылыс кодексі: Тау бөктеріндегі заңсыз құрылысқа нүкте қойылмақ

    8 декабря, 2025

    Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 шетелдік қаза тапты

    8 декабря, 2025

    Атырау облысында аңшылық адам өлімімен аяқталды

    8 декабря, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.