Сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтар"Ресми түрде ажырастым": Ең сұлу волейболшы Сабина Алтынбекова жеке өмірі туралы айтты

«Ресми түрде ажырастым»: Ең сұлу волейболшы Сабина Алтынбекова жеке өмірі туралы айтты

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекованың ажырасқаны туралы бұған дейін сыбыс тараған болатын. Спортшының өзі бұл ақпаратты растады, деп жазады Alash.KZ-ке сілтеме жасаған QazNews.kz 

Әлеуметтік желіде оқырмандарының бірі спортшыдан жеке өміріне қатысты сұрақ қойған. «Сіздер айырылысып кеттіңіздер ме?»,- деп сұраған оқырман.

Волейболшы көпшіліктің күдігін растады.

«Мен ресми түрде некеде болдым және ресми түрде ажырастым. Бұл жайтқа қатысты көптеген сауал болды. Осы жауабыммен бәріне нүкте қоямын», — деді Алтынбекова.

Айта кетейік, волейболшы Сәбина Алтынбекова 2020 жылы кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шығып, 2021 жылы ерлі-зайыпты ұлды болған еді.

Бүгінге дейін Алтынбекова Индонезияның «Yogya Falcons» командасында өнер көрсетті. Алайда, қазір Астанаға оралған. Болашақ жоспары туралы волейболшы жақын күндері мәлімдемек.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments