2026 жылы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі шикізаттық емес сектордағы ірі инвестициялық жобаларды тікелей қаржыландыруға басымдық беруді жоспарлап отыр. Ал құны 15 млрд теңгеден төмен шағын жобалар екінші деңгейлі банктерге беріледі, деп жазады QazNews.kz.
Банктердің несие беруін ынталандыруға және экономиканы жанама қолдау шараларына 4,1 трлн теңге қарастырылған. Қаржыландырудың шамамен 43 пайызы қазірдің өзінде банктер мен халықаралық қаржы институттары арқылы жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар әрбір инвестициялық жобаға жеке менеджер бекіту жоспарланған. Ол жобаның іске асырылу барысын қадағалап, оның орындалуын бақылаумен айналысады.
Бұдан бөлек, жобалардың жүзеге асырылу барысы бірыңғай цифрлық жүйе арқылы бақыланбақ.


