Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптаулардан кейін отставкаға кетуге шешім қабылдады. Ол өзіне қатысты жүргізіліп жатқан тергеу аясында құқық қорғау органдарымен ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы Associated Press (AP) агенттігі хабарлады, деп жазады QazNews.kz.
Оппозиция өкілдері мемлекет басшысын мемлекеттік теміржол жобасынан қаржылық пайда көрді деп айыптаған. Дау Таван-Толгой – Гашуунсухайт бағытындағы теміржол құрылысына қатысты туындаған.
Бұған дейін, 9 қарашада Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі президенттің соңғы бес жылдағы кірісі мен мүлкі туралы декларациясын тексерген болатын. Тексеру нәтижесінде ешқандай заңбұзушылық анықталмағаны хабарланды. Дегенмен теміржол жобасына қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр.
Әзірге Ухнаагийн Хүрэлсүхтің президенттік қызметінен нақты қай күні кететіні белгісіз.


