Дүйсенбі, 2 ноября, 2026
spot_img
Басты бетӘлемҚазақстан азаматтары Түркияға шетелдік паспортсыз бара алуы мүмкін

Қазақстан азаматтары Түркияға шетелдік паспортсыз бара алуы мүмкін

Қазақстан азаматтары болашақта Түркияға шетелдік паспортсыз, жеке куәлікпен баруы мүмкін. Мұндай бастаманы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде көтерді, деп хабарлайды qaznews.kz.

Мирзиёев ұйымға мүше елдердің азаматтары бір-бірінің аумағына жеке куәлікпен еркін қатынай алуы қажет екенін айтты.

Ол осы мақсатта азаматтардың өзара сапарларын реттейтін көпжақты келісім әзірлеуді ұсынды. Құжатта жеке куәлікпен шекарадан өту мүмкіндігін кеңейту, шекаралық рәсімдерді жеңілдету және басқа елде болу шарттарын оңайлату мәселелері қамтылмақ.

Егер бастама мақұлданып, келісім күшіне енсе, Қазақстан азаматтары Түркияға шетелдік паспортсыз, жеке куәлікпен бара алуы мүмкін.

Алайда әзірге бұл – ұсыныс қана. Сондықтан қолданыстағы шекарадан өту тәртібі өзгерген жоқ.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр