Жұма, 23 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпАстанада жасырын ет өңдеу цехы анықталды

Астанада жасырын ет өңдеу цехы анықталды

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл нысанда ет өнімдері заңсыз өңделгенін хабарлады. Нысанда 2-санатқа қажетті ветеринариялық-санитариялық қорытынды да, есептік нөмір де болмаған, деп хабарлайды qaznews.kz.

Шығу тегі белгісіз ірі және ұсақ қара малдың жалпы салмағы 360 келі болатын ішкі ағзалары мен қосалқы өнімдері «Астана-Ветсервис» кәсіпорнының пеш-инсинераторында өртеу арқылы жойылды.

Қой етінен сынамалар алынды. Кінәлі тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр