Түркістан облысында той үстінде айтқан даулы сөзі қоғамда қызу талқыланған 66 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qaznews.kz.
Полицияның мәліметінше, ол тойда «музыкадан бас тарту керек», «ерлер мен әйелдер бірге отырмауы тиіс», ал «әншілер – шайтанның жаршылары» деген мазмұнда пікір білдірген.
Ішкі істер министрлігі аталған азаматқа қатысты діни және әлеуметтік алауыздықты қоздырды деген күдікпен қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Министрлік Қазақстанда адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын, әйелдерді кемсітетін, сондай-ақ діни немесе әлеуметтік алауыздықты қоздыруға бағытталған жария мәлімдемелер жасауға заңмен тыйым салынғанын еске салды.
Еске салайық, желіде тойда музыканы харам, ал әншілерді шайтанның азаншысы деп уағыз айтқан ер адам талқыға түскен болатын.


