АҚШ президенті Дональд Трамп Иран Ормуз бұғазын жақын арада ашуы тиіс екенін, кері жағдайда әскери күш қолданылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaznews.kz.
«Ормуз бұғазы таяу уақытта ашылуы керек. Әйтпесе олар өте ауыр соққыға тап болады», – деді Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында.
Бұл пікірін ол Иранмен жүргізіліп жатқан келіссөздер туралы сұраққа жауап беру кезінде айтты.
Бұған дейін Трамп Иранға жоспарланған әскери шабуылдардың уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатын. Оның сөзінше, мұндай шешім қабылдауға тараптардың келісімге келу мүмкіндігі әсер еткен.
Президенттің айтуынша, ықтимал келісімнің басты шарттарының бірі – Ормуз бұғазының қайта ашылуы. Сонымен қатар құжатта Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелерді реттеу де қарастырылған.


