Сенбі, 1 августа, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарТалдықорғанда қоғамдық әдепті бұзған TikTok қолданушысы жазаланды

Талдықорғанда қоғамдық әдепті бұзған TikTok қолданушысы жазаланды

Жетісу облысы ПД “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау бағытында жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды qaznews.kz.

Кезекті мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде қоғамдық әдеп нормаларын бұзып, бейәдеп сөздер айтқан азамат анықталды. Құқық бұзушы – Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны Гүлмира Касенова.

Тексеру барысында оның бұған дейін де дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Алайда соған қарамастан, ол заң талаптарын қайтадан бұзған.

Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот қаулысымен азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Полиция интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарының тұрақты негізде жүргізілетінін еске салады. Заң талаптарын бұзғандарға қатысты тиісті шаралар қабылданады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр