Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа Конституция референдумда қолдау тапса, 15 наурыз Конституция күні болып бекітілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады QazNews.kz
Оның айтуынша, өтпелі ережелерге сәйкес, Конституция күні ретінде құжаттың күшіне енген уақыты емес, қабылданған күні белгіленеді. Ал жаңа Конституция 15 наурызда қабылдануы ықтимал. Сондықтан халық референдумда қолдау білдірсе, Қазақстанда Конституция күні 15 наурыз болып өзгеруі мүмкін.
Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев жаңа Конституция қабылданған жағдайда Сенат өз өкілеттігін 1 шілдеде аяқтайтынын айтты. Оның сөзінше, өтпелі нормаларға сәйкес Сенат пен Мәжіліс таратылғаннан кейін екі ай ішінде жаңа сайлау өтуі тиіс.
Осылайша, жаңа парламент – Құрылтай 1 қыркүйектен бастап жұмысын бастауды жоспарлап отыр. Егер халық жаңа Конституцияны қолдаса, қазіргі парламент 1 шілдеге дейін жұмысын жалғастырып, одан кейін жаңа құрам жасақталады.


