Дүйсенбі, 5 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпБишімбаевтың анасы бұрынғы келінін сотта жеңіп шықты

Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінін сотта жеңіп шықты

Қуандық Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекова бұрынғы келіні Назым Қахарманмен соттасып, істі өз пайдасына шешті, деп хабарлайды qaznews.kz.

Nege.kz мәліметінше, дау жалға берілген ғимараттан түскен ақшаға байланысты туған.

Нұрлыбекованың айтуынша, ол 2023 жылдың қарашасында өзіне тиесілі нысанды бұрынғы келінінің басқаруына берген. Кейін Назым Қахарман бұл ғимаратты жалға беріп жүргенімен, түскен қаржыны иесіне бермегенін алға тартқан.

Сотта Әлмира Нұрлыбекова бұрынғы келінінен 14 миллион теңге өндіріп беруді талап етті.

Алайда сот талапты ішінара қанағаттандырып, Назым Қахарманға тиесілі «NazKa» жеке кәсіпкерлігінен 6,6 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды.

Сонымен қатар Қахарман 66,6 мың теңге мемлекеттік баж салығын және талапкердің заңгеріне кеткен 666,5 мың теңге шығынды төлеуге міндеттелді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр