Дүйсенбі, 5 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстан түркі елдерінің медицинасын бір жүйеге біріктіруді ұсынды

Қазақстан түркі елдерінің медицинасын бір жүйеге біріктіруді ұсынды

Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған бірнеше жаңа бастама көтерді, деп хабарлайды qaznews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ұсыныстардың бірі – түркі мемлекеттерінің жетекші медициналық жоғары оқу орындарын біріктіретін Желілік медициналық университет құру. Бұл жоба аясында студенттер мен дәрігерлер бірлескен білім беру бағдарламаларына қатысып, тағылымдамадан өте алады. Сондай-ақ жас ғалымдарға арнайы гранттар беру мүмкіндігі қарастырылып отыр.

Бұдан бөлек, медициналық туризмге арналған бірыңғай цифрлық платформа іске қосу ұсынылды. Онда ТМҰ елдеріндегі клиникалар, дәрігерлер, емдеу бағыттары мен медициналық қызметтер туралы ақпарат жинақталмақ.

Жоба жүзеге асқан жағдайда азаматтар шетелдегі медициналық мекемені таңдап, алдын ала кеңес алып, емделу процесін онлайн ұйымдастыра алады.

Сонымен қатар ұйымға мүше мемлекеттер медициналық деректермен қауіпсіз алмасу жүйесін дамытуға және денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект технологияларын бірлесіп сынақтан өткізуге ниетті.

Айта кетейік, бұған дейін Түркі мемлекеттері ұйымында Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтарының шетелдік төлқұжатсыз, жеке куәлік арқылы өзара қатынауына мүмкіндік беретін тетіктер пысықталып жатқаны хабарланған болатын.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр