Дүйсенбі, 5 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда бір апта ішінде мас күйде көлік жүргізген 200-ден астам адам анықталды

Қазақстанда бір апта ішінде мас күйде көлік жүргізген 200-ден астам адам анықталды

Қазақстанда соңғы бір аптада жол қозғалысы ережесін бұзудың 10 мыңға жуық фактісі тіркелді. Оның ішінде 201 жүргізуші көлікті мас күйде басқарған, деп хабарлайды qaznews.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, осындай оқиғалардың бірі түнгі уақытта Үштөбе қаласында болған. Патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Marino автокөлігін тоқтатып, рөлде отырған 34 жастағы жүргізушінің мас екенін анықтаған. Сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.

Осыған ұқсас құқық бұзушылықтар Астана, Қостанай және Шымкент қалаларында да тіркелген.

Елордада Қалдаяқов көшесінде екі жас жүргізуші көлікпен дрифт жасаған. Сот олардың әрқайсысын 10 тәулікке қамауға алып, көліктері арнайы тұраққа қойылды.

Ал Қостанайда дрифт жасаған жүргізушінің жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 16 рет жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Сот оған 15 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Шымкентте Mercedes-Benz тізгіндеген 18 жастағы жүргізуші қауіпті маневр жасап, түнгі уақытта тыныштықты бұзған. Ол да 10 тәулікке қамауға алынды.

ІІМ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлікті мас күйде басқармауға шақырды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр