Дүйсенбі, 5 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпТоқаев күштік құрылымдарда ауыс-түйіс жүргізді

Тоқаев күштік құрылымдарда ауыс-түйіс жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдардағы бірқатар кадрлық тағайындаулар туралы өкімдерге қол қойды, деп хабарлайды qaznews.kz.

Президенттің шешімімен Айтқұрман Омарбеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін ол Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Арнаулы мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметін атқарған.

Ал Азамат Хасенов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Арнаулы мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Тиісті өкімдерге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр