Сәрсенбі, 28 қаңтар, 2026
spot_img
Басты бетҚоғамЭнергетика министрі: Қазақстанның мұнай мен газ қоры 40 жылға жетеді

Энергетика министрі: Қазақстанның мұнай мен газ қоры 40 жылға жетеді

Қазақстандағы мұнай мен газ қоры шамамен 40 жылға жетеді,  деп жазады QazNews.kz

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, көмір қоры бойынша елдің әлеуеті бұдан да жоғары.

«Көмір қоры 33,6 млрд тоннаны құрайды. Қазір біз жылына шамамен 120 млн тонна көмір өндіреміз. Президент айтқандай, бұл қорлар бізге 300 жылға жетеді. Ал мұнай мен газ қоры шамамен 40 жылға жетеді», – деді Ерлан Ақкенженов.

Осы мәліметтерге сүйене отырып, министр жаңа жылу электр стансаларын іске қосуға қажетті шикізат тапшылығы болмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, энергетика саласын дамытуға елдің ресурстық әлеуеті толық жеткілікті.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр