Сәрсенбі, 28 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпПавлодарда қызды ұрған волейбол жаттықтырушысына қатысты тергеу басталды

Павлодарда қызды ұрған волейбол жаттықтырушысына қатысты тергеу басталды

Павлодарда волейболдан Қазақстан біріншілігі кезінде жаттықтырушы кәмелетке толмаған спортшыға күш қолданған. Оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды qaznews.kz.

Оқиға 26 қазанда жеке клубтар арасында өткен волейбол турнирінде болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Шымкенттегі волейбол академиясының жаттықтырушысы Хамит Мырзабековтің жас спортшыға күш қолданғаны көрінеді.

Қазақстанның Ұлттық волейбол федерациясы жаттықтырушыны екі жылға жарыстардан шеттетіп, оның жаттықтырушылық және педагогикалық қызметпен айналысуына тыйым салды. Турнир ұйымдастырушыларына сөгіс жарияланып, айыппұл салынды. Шымкент волейбол академиясына да сөгіс берілді.

Полиция не дейді?

Павлодар облысының полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қатысты пікір білдірді.

«Волейбол командасының кәмелетке толмаған қатысушысына жаттықтырушының күш қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаға қатысы бар барлық адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Ведомствоның мәліметінше, жаттықтырушының әрекетіне заң аясында құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр