Сәрсенбі, 28 қаңтар, 2026
spot_img
Басты бетҚоғамДепутат ипотекалық талаптарды жеңілдетуді талап етті

Депутат ипотекалық талаптарды жеңілдетуді талап етті

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров ипотека беру шарттарын жеңілдету қажет екенін мәлімдеді,  деп жазады QazNews.kz

Ол премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдап, Жамбыл облысын аралау барысында байқаған мәселелерді жеткізді.

«Коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорынан жалдамалы баспана беру мәселесі. Жамбыл облысы бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 57 434 азамат тіркелген. 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 21,5 млрд теңге бөлініп, 1 425 пәтер сатып алынды.  Алайда сатып алынған пәтерлерді осал топтағы азаматтарға үлестіруде қолданыстағы заңнамаға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер кедергі болып отыр», — деді депутат.

Сонымен қатар, депуататтың айтуынша, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үйлерді сату мәселесі де бар.

«Осал топтағы азаматтарға сатылатын пәтерлердің үлесін 70%-дан 50%-ға дейін төмендету және/немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру шарттарын жеңілдету мүмкіндігін қарауыңызды сұраймыз», — деді ол.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр