Сәрсенбі, 30 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпЖетісуда заңсыз ауланған 127 келі балықтың арасынан Қызыл кітапта енген бекіре табылды

Жетісуда заңсыз ауланған 127 келі балықтың арасынан Қызыл кітапта енген бекіре табылды

Жетісу облысында полиция қызметкерлері балық қорғау инспекторларымен бірлесіп, Қаратал өзенінде балықты заңсыз аулау дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды qaznews.kz.

Үштөбе – Көпбірлік автожолында бірлескен рейдтік іс-шара барысында тіркемесі бар Audi-100 автокөлігінің жүргізушісі тоқтатылды. Көлікте Үштөбе қаласының 24, 25 және 41 жастағы үш тұрғыны болған. Тексеру кезінде автокөлік пен тіркемеден жалпы салмағы 127,1 келі балық табылып, тәркіленді. Олардың арасында сазан, жайын, ақмарқа, мөңке және мемлекет ерекше қорғауға алған бекіре тұқымдас балық бар. Қазақстанда бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салынған.

Сонымен қатар жалпы ұзындығы шамамен 80 метр болатын төрт капрон ау, моторлы резеңке қайық, 15 қармақ, ілмектер, ескектер және екі аккумулятор тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректеріне сәйкес, ер адамдар Қаратал өзеніне балық аулау мақсатында келіп, тыйым салынған аулау құралы – балық аулау торын пайдаланған. Ауланған балықты автокөлікпен тасымалдаған. Тәркіленген балық өлшеніп, жауапты сақтауға тапсырылды. Қазіргі уақытта балық ресурстары мен мемлекетке келтірілген залал мөлшері анықталуда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр