Сенбі, 23 мая, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарЖексенбідегі ауа райы: синоптиктер қай өңірлерде ескерту жасады

Жексенбідегі ауа райы: синоптиктер қай өңірлерде ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 24 мамырда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған QazNews.kz

 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында, төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-18 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда таңертең және күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада түнде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Қызылорда облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда жоғары өрт каупі күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр