«ҚАЖсервис» 34,8 млн теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылықтарды құқық қорғау органдарымен бірлесіп тергеп жатыр, деп жазады QazNews.kz.
«ҚАЖсервис» ЖШС Атырау облыстық филиалында 34,8 млн теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылықтар компанияның қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген ішкі талдау барысында анықталғанын хабарлады.
Атап айтқанда, филиалдың бұрынғы бас бухгалтерінің жеке банк шоттарына негізсіз ақша аудару деректері анықталды. Бұл заңбұзушылықтар 2026 жылғы 3 ақпанда құжат жүзінде тіркелді.
Компания анықталған деректер бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына өз бастамасымен жолдады. Тергеу жүргізіп, заңда көзделген шараларды қабылдау үшін 2026 жылғы 5 ақпан мен 26 наурызда Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тиісті өтініштер берілді.
«ҚАЖсервис» ЖШС прокуратура және экономикалық тергеп-тексеру органдарымен бірлесіп, анықталған заңбұзушылықтардың барлық мән-жайын анықтау бағытында жұмыс жүргізуде. Компания уәкілетті органдарға қажетті қолдау көрсетуді жалғастырады. Негізгі мақсат – істің жан-жақты әрі объективті тергелуіне, кінәлі тұлғалардың заң аясында жауапқа тартылуына және келтірілген залалдың өтелуіне қол жеткізу.


