2027 жылдан бастап Қазақстанда банкаралық мобильді төлемдер жүйесі негізінде үш жаңа сервис іске қосылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов мәлімдеді, деп жазады QazNews.kz.
Жаңа сервистердің бірі қазақстандықтарға маркетплейстерден тауар сатып алған кезде банк картасының деректерін енгізбей-ақ төлем жасауға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, тағы екі қызмет іске қосылады. Оның бірі әртүрлі банктердің клиенттері арасында шот ұсынуға мүмкіндік берсе, екіншісі статикалық QR-код арқылы төлем жасауға арналған.
Жаңа сервистер банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Оларды енгізу 2027 жылға жоспарланған.


