Қазақстанда қысқы дөңгелекке ауыспаған жүздеген автокөлік жүргізушісіне республикалық маңызы бар жолдарға шығуға рұқсат берілмеді, деп жазады QazNews.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 8-9 қараша күндері өңірдегі бірнеше автожол учаскесінде жазғы дөңгелекпен жүрген көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылған.
Шектеу Астана – Щучинск, Астана – Шідерті – Павлодар және Көкшетау – Атбасар бағыттарында енгізілген. Сонымен қатар кейбір жол учаскелерінде жылдамдық режимі төмендетілген.
Осы уақыт аралығында полицейлер жазғы дөңгелекпен жүрген 744-тен астам автокөлікті кері қайтарып, олардың республикалық тасжолдармен әрі қарай жүруіне жол бермеген.
ІІМ өкілдері жүргізушілерге жазғы шиналарды қысқы дөңгелекке уақытылы ауыстыру қажеттігі бірнеше рет ескертілгенін атап өтті. Соған қарамастан, кейбір азаматтар көлігін қысқы маусымға дайындамай, жолға шыққан.


