Мемлекетке пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінің 3 мың гектар жері қайтарылды, деп жазады QazNews.kz.
Қарасу ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бөлігінде жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша ұзақ уақыт нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскелері анықталды.
Анықталған бұзушылықтарға байланысты прокуратура тиісті қадағалау шараларын қабылдады. Оларды қарау нәтижесінде жалпы ауданы 3 мың гектар, кадастрлық құны 68 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Мемлекетке қайтарылған жер учаскелері кейіннен адал кәсіпкерлер арасында конкурстық негізде бөлінетін болады.


