Сейсенбі, 10 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпАлматыда өзін заңнан жоғары санаған жүргізуші әйел жауапқа тартылды

Алматыда өзін заңнан жоғары санаған жүргізуші әйел жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіде заңды елемейтінін ашық көрсетіп, өзіне ешқандай шара қолданылмайтынын мәлімдеген жүргізушінің әрекеті жауапсыз қалмады, деп жазады QazNews.kz.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған видеосын жариялаған әйелді анықтап, жауапқа тартты.

Видеода әйелдің қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарғаны және бұл талапты орындаудан ашық бас тартқанын байқауға болады.

Тексеру барысында өзге де заң бұзушылықтар анықталды. Әйелдің бұған дейін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, рөлге отырғаны белгілі болды.

Осыған байланысты оған қатысты бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық дерегі бойынша іс қозғалды. Атап айтқанда, көлік басқару құқығынан айырылғаннан кейін көлік жүргізу, қауіпсіздік белдігін пайдалану талабын бұзу, сот шешімін орындамау және жалған ақпарат тарату фактілері бойынша материалдар рәсімделді.

Жинақталған материалдар сотқа жолданды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Сонымен қатар көлік басқару құқығынан айырылған адамға автокөлігін берген көлік иесі де жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр